Қаңтар оқиғасының халықаралық медиадағы репрезентациясы: The New York Times пен Financial Times материалдарының фреймдік

Авторлар

  • Дина Өскен SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v58i.004

Кілт сөздер:

фреймдеу, репрезентация, Қаңтар оқиғасы, халықаралық медиа, саяси дискурс, Қазақстан

Аңдатпа

Бұл мақала 2022 жылғы Қаңтар оқиғасының халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында қалай репрезентацияланғанын фреймдік талдау негізінде салыстырмалы түрде зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты - Қаңтар оқиғасының The New York Times және Financial Times басылымдарында қандай интерпретациялық фреймдер арқылы ұсынылғанын анықтау және екі медианың репрезентациялық ерекшеліктерін салыстыру. Аталған басылымдар АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші халықаралық медиалары ретінде таңдалып, олардың редакциялық және институционалдық айырмашылықтары зерттеу үшін маңызды контекст ұсынады. Зерттеу әдіснамасы сапалық контент-талдау мен фреймдік талдауға негізделеді. Әр басылымнан бес мақаладан іріктеліп, мәтіндер MAXQDA бағдарламасының көмегімен кодталды. Талдау барысында қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық, элиталар арасындағы билік үшін күрес, хаос пен тәртіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық наразылықтар, мемлекеттік легитимділік және наразылықтың заңдылығы сияқты негізгі фреймдер анықталды. Бір мәтіндік фрагменттің бірнеше фреймді қатар қамту мүмкіндігі ескерілді, бұл медиадағы күрделі репрезентациялық құрылымды көрсетуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері The New York Times басылымында қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық, хаос және тұрақсыздық фреймдерінің басым екенін, ал Financial Times материалдарында элиталық билік қатынастары, мемлекеттік басқару және институционалдық тұрақтылық фреймдеріне көбірек мән берілгенін көрсетті. Сонымен қатар, екі басылымда да әлеуметтік-экономикалық себептер мен наразылықтың легитимділігі шектеулі деңгейде репрезентацияланғаны анықталды. Мақала нәтижелері халықаралық медиада Қаңтар оқиғасының біртекті емес, әртүрлі интерпретациялық логика арқылы ұсынылғанын көрсетіп, фреймдік талдау әдісінің саяси оқиғаларды зерттеудегі тиімділігін айқындайды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи