Каримов пен Назарбаевтан кейін: Өзбекстан мен Қазақстандағы Орталық Азия бірегейлігі туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдар дискурстары

Авторлар

  • Көркем Серікбек Sapienza Università di Roma Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v58i.002

Кілт сөздер:

Орта Азия бірегейлігі, Қазақстан, Өзбекстан, саяси дискурс, өңіршілдік, көшбасшылықтың ауысуы

Аңдатпа

Кеңес Одағы ыдырағаннан бері Орталық Азияда біртұтас аймақтық бірегейлік қалыптаса қоймады, өйткені жас республикалар ең алдымен ұлттық егемендікті нығайту мен мемлекет құру ісіне басымдық берді. Өзбекстандағы (2016) және Қазақстандағы (2019) билік ауысуы 1989 жылдан бері жалғасып келген ұзақмерзімді саяси кезеңнің аяқталғанын білдіріп, өңірлік диалогтың жаңа кезеңіне жол ашты.  Мақалада жаңа президенттер Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми риторикада Орталық Азия бейнесін қалай “құрастыратыны” зерттеледі. Өңіршілдікке деген жоғары қызығушылыққа қарамастан, екі ел президенттерінің өздерінің ресми сөздерінде орталықазиялық бірегейлікті қалай көрсететіні әлі де жеткілікті түрде талданбаған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында екі лидердің 2016-2025 жылдар аралығындағы сөйлеген сөздеріне дискурстық талдау жасалып, риторикадағы өзгерістер зерттелді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, Өзбекстан ортақ тарихи жадыны пайдаланып, мәдени бірлікті аймақтық бірегейліктің негізі ретінде алға тартады. Қазақстан болса, керісінше, прагматикалық ынтымақтастыққа сүйеніп, өзін жауапты әрі белсенді өңірлік актор ретінде көрсетеді. 2022 жылдан бастап геосаяси тұрақсыздық жағдайында екі ел де егемендік пен аймақтық өзін-өзі анықтау мәселелеріне көбірек көңіл бөле бастады. Бірегейліктің “жоғарыдан төмен” қарай қалыптасуын зерттей отырып, бұл жұмыс қазіргі Орталық Азияның саяси маңызын түсінуге үлес қосады және посткеңестік кеңістіктегі аймақтық бірлікті нығайтудағы дискурстың рөлін айқындайды. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи