COVID-19 карантині кезіндегі жалғыздық және әлеуметтік желідегі әзілоспақ: Жапониядағы азиялық студенттердің тәжірибесі

Авторлар

  • Ділдәр Сердалы SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v58i.001

Кілт сөздер:

COVID-19, жалғыздық, әлеуметтік желілер, әзіл-оспақ, азиялық студенттер, Жапония

Аңдатпа

COVID-19 пандемиясы университет студенттерінің күнделікті өмірін түбегейлі өзгертті және көпшілігі үшін жалғыздық сезімін күшейтті. Бұл сапалық зерттеу Жапония университеттерінде оқитын азиялық студенттердің пандемия кезіндегі жалғыздық тәжірибесін және әлеуметтік желідегі күлкілі контенттің эмоционалдық күйді реттеудегі 
рөлін қарастырады. Зерттеуде баяндау (narrative) тәсілі қолданылып, жартылай құрылымдалған тереңдетілген сұхбаттар жүргізілді. Сұхбат үшін 2020 жылдың наурыз желтоқсан айлары аралығында Жапонияда бакалавриат немесе магистратура/докторантура бағдарламаларында оқыған Жапония, Үндістан, Филиппин, Түркия және Қазақстаннан 
барған бес студент таңдалды. Әр қатысушы үшін карантин кезіндегі «бір типтік күннің» хронологиясы мен жеке баяндау эскиздері жасалды. Зерттеу нәтижелері жалғыздықтың тек физикалық оқшауланудан немесе шекаралардың жабылуынан ғана емес, сонымен қатар күн тәртібінің бұзылуы, маңызды рәсімдердің болмауы және болашаққа деген белгісіздікпен байланысты екенін көрсетті. Қатысушылар өздеріне таныс комедия сериалдарын, мемдер мен қысқа видеоларды қарап, оларды достары мен отбасы мүшелеріне жіберу арқылы 
«қашып шығу», жеңілдеу және қашықтықтағы адамдармен байланысын сезіну мүмкіндігін тапты. Әлеуметтік желідегі әзіл-оспақ жалғыздықты жоймағанымен, оны қайта қарауға, эмоциялық ауыртпалықты жұмсартуға және ортақ тәжірибе сезімін сақтауға көмектесті. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи