СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРТҚАЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ: «AKORDAPRESS» INSTAGRAMПАРАҚШАСЫ МЫСАЛЫНДА

Авторлар

  • Бибинур Бермаганбетова Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v64i4.1075

Кілт сөздер:

COVID-19, короновирус, контент, пандемия, денсаулық

Аңдатпа

2020 жылдың 11 ақпанында Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы коронавирусы немесе COVID-19 деп аталатын
респираторлық ауруды ресми түрде жариялаған болатын. 2019 жылдың
желтоқсанында Қытайда алғаш пайда болған бұл ауруды кейін 2020
жылдың наурыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия
деп жариялады. Бұл әлемде бұрын-соңды болмаған оқшаулануға,
денсаулыққа қауіп төндіру мен қаржылық тұрақсыздық секілді
алаңдаушылыққа алып келді. COVID-19 пандемиясы кезінде Бұқаралық
ақпарат құралдары мен әлеуметтік медианың қоғамдағы рөлі айтарлықтай
артқаны сөзсіз. Себебі осындай дүрбелең жағдайда олар өмірлік маңызды
ақпарат беріп қана қоймай, екі жақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік
берді.
Зерттеу «Akordapress» Instagram парақшасында пандемия кезіндегі
жаңалықтарына контент-анализ жасауға бағытталған. Жалпы халықтың
ақпаратқа деген әсерін білетін боламыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-01-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи