Арал теңізі дағдарысын шешудегі Қазақстанның белсенді шаралары: халықаралық өкілдік пен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын арттыру алаңы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v55i1.002Кілт сөздер:
Қазақстан, Арал теңізі дағдарысы, экологиялық дипломатия, халықаралық өкілдік, медианың қатысуыАңдатпа
КСРО ыдырағаннан кейін, Орталық Азия елдері Кеңес одағынан бері келе жатқан Арал теңізінің тартылуы сынды түрлі жаңа қиындықтарға тап бола бастады. Толықтай жойылып бара жатқан Арал теңізі қазіргі таңда өңірдің виктимизациясының символына айналды. Себебі Кеңес одағы кезеңінде әлем бойынша төртінші орын алатын Арал теңізінің суын мақтк алқаптарын суыру, ауыл шаруашылығын дамыту мақсаттарында қолданған. 26 000 шаршы миль аумақты алып жатқан Арал теңізі қазіргі таңда 90%-ға дейін тартылды. Арал теңізіне байланысты экологиялық, әлеуметтік, экономикалық өзекті мәселені шешуге бағытталған өңірлік бастамаларда Қазақстан белсенді рөл атқарады. Әлемдік аренада танылуға ұмытылатын жас мемлекет ретінде, Қазақстан Арал теңізінің дағдарысын шешу мақсатына бағытталған жобаларының арқасында әлем назарын аударуда. Солардың қатарында Берг бұғазында алғашқы құм бөгетін салу және Көк-Арал плотинасын тұрғызу, Алматы келісіміне қол қою, Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорды (АҚХҚ) құру, сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру сияқты іс-шаралар бар.
Бұл мақалада Қазақстанның Арал теңізі дағдарысын шешуге бағытталған әрекеттері, олардың халықаралық аренадағы ел имиджіне және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысына әсері қарастырылады. Алынған нәтижелер Қазақстанның экологиялық шаралары жергілікті экожүйенің қалпына келуіне ғана емес, сондай-ақ елдің тұрақты дамып, өңірлік беделін нығайтуға ықпал етуінің ықтималдығын көрсетеді. Бұл мақалада экологиялық дипломатия жаһандық деңгейде жоғары позицияларға ұмтылатын және өзекті экологиялық мәселелердің шешімін табуды көздейтін елдер үшін стратегиялық іс-қимылдар контекстінде қарастырылады.