2024 жылғы Батыс өңірлеріндегі су тасқынын көрсетудегі қазақстандық БАҚ-тың рөлі
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v55i1.004Кілт сөздер:
Су тасқыны, фреймиң, ақпараттандыру, күн тәртібі , Батыс Қазақстан , Tengrinews, Ақ жайық, мемлекеттік БАҚАңдатпа
Бұл зерттеу 2024 жылғы Батыс Қазақстандағы су тасқынын көрсету барысында мемлекеттік БАҚ-тың рөлін күн тәртібін орнату және фреймиң теориясына сүйене отырып зерттейді. Табиғи апаттар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды зерттейтін әдебиеттер бар. Бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтің апаттарға қалай әрекет ететініне, төтенше жағдайлар қызметінің апаттармен қалай күресетініне және адамдардың апаттар туралы жаңалықтарды қалай қабылдап, оларға қалай әрекет ететініне әсер ете алады. Дегенмен, БАҚ кейде апат туралы жаңалықтарды сенсациялайды және дүрбелең, тонау, шок, жаңа кейіпкерлер мен зұлым адамдар, адамдардың қақтығысы мен азаптары сияқты басқа көріністерге назар аударады (Dhakal,S. 2018). Бұл зерттеудің мақсаты 2024 жылғы Батыс өңірлеріндегі су тасқынын көрсетудегі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарды талдау. Зерттеуде су тасқыны туралы хабарлар қандай мәселелер немесе тақырыптар басым болғанына назар аудара отырып, таңдалған екі онлайн редакцияға сандық және сапалық әдістердің жиынтығын, оның ішінде сандық контент талдау пайдаланылды.
Негізгі мақсат – бұл Батыс өңірлеріндегі апат кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының атқарған рөлін анықтау Контент талдау Қазақстандағы су тасқыны кезінде БАҚ таратқан оқиғалардың санын, су тасқыны туралы хабарда басым болған негізгі тақырыптарды және су тасқыны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге әсер еткен факторларды атап өту үшін пайдаланылды. Яғни, зерттеу келесі сұрақтарға жауап іздейді: “Төтенше жағдайды сипаттаудағы дереккөздердің рөлі қандай болды?” Осы мақсатта мақала екі жетекші БАҚ-қа талдау жүргізді. Бірінші бұқаралық ақпарат құралы – “Tengrinews.kz” қазақстандық интернет-басылым және ақпараттық порталы; ал екіншісі – «Ақ жайық» – Атырау облысындағы кең тараған әрі тұңғыш тәуелсіз апталық басылым. Бұл редакциялар оқырмандар санының көптігіне, идеологиясына, желіде кең таралуына және репортаж түрі/стильіне байланысты мақсатты түрде таңдалды. Tengrinews сайты қазақстандық БАҚ арасында ең көп оқылатын БАҚ негізін қалаушы болып саналады. Brand Analytics рейтингтік компаниясының мәліметі бойынша, Tengrinews Қазақстандағы Zakon.kz, Inform.kz, Sputnik.kz және Sports.kz-тен кейінгі ең көп оқылатын БАҚ бестігіне кіреді (Черный, 2021 ж.). Нусипов пен Драгомир (2019, 5 б.) да Tengrinews сайты қазақстандық медиа нарығына «әсер етудің негізгі факторы» және ең танымал үш сайттың бірі болып саналады деп мәлімдейді.
Оқиғаның тұтас бейнесін жасау үшін талданатын мазмұн 2024 жылдың су тасқыны оқиғасы туралы 24-ақпан және 14-сәуір аралығындағы материалдардан алынды. Барлығы n=30 интернет мақаласы талданды, нәтижелері БАҚ-тың қоғамдық пікір мен үкіметтік реакцияға айтарлықтай әсер еткенін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген деректерге сүйене отырып, біз Батыс өңірлеріндегі су тасқыны қазақстандық БАҚ-та жеткілікті түрде жарық көргенін дәлелдейміз. Зерттеу сонымен қатар су тасқыны туралы хабарлау/көрсетілімде келесі мәселелер немесе әңгімелер басым болғаны анықталды: төтенше жағдайлар мен апаттың әсері, Президент Тоқаевтың мәлімдемелері, зардап шеккендер мен олардың жағдайы, көмек көрсету жұмыстары, үкіметтің әрекеті мен жауапкершілігі, инфрақұрылымның бұзылуы және қоғамдық өмірге әсері.