Медиадискурстағы АЭС: ақпараттық күн тәртібін қалыптастырудың ерекшеліктері мен қоғамдық қабылдауға әсері
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v55i1.001Кілт сөздер:
Күн тәртібін құру, фреймиң құру, АЭС, Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Vlast.kzАңдатпа
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қ.К. Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумның уақытын жариялады. Сол уақыттан бастап бұл жайт медиа кеңістікте көрініс тапқан ауқымды қоғамдық пікірталастарды тудырды. Бұл зерттеу елімізде мемлекет тарапынан қаржыландырылатын және тәуелсіз БАҚ өкілдерінің АЭС салу мәселесі бойынша халыққа ақпаратты ұсынуын зерттеу үшін күн тәртібін құру теориясын арқау етеді. Себебі мақалада қазіргі медиа дискурс шеңберінде Қазақстанда АЭС салу тақырыбы бойынша ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ оның қоғамның қабылдауына әсерін зерттеу мақсаты көзделді. Атап айтқанда, зерттеу келесі сұрақтарға жауап іздейді: «Мемлекетке тәуелді және тәуелсіз БАҚ өкілдерінің АЭС салуға қатысты күн тәртібі қандай?», «Орыс және қазақтілді аудиторияға да бірдей ақпарат таратылды ма?». Осы мақсатта мақала екі жетекші БАҚ-тың қазақ және орыстілді жаңалықтар сайттарына контент анализ жүргізді. Олардың біреуі толықтай үкіметтен қаржыландырылса, екіншісі тәуелсіз БАҚ. Бірінші бұқаралық ақпарат құралдары – «Егемен Қазақстан» қазақ тілінде ақпарат таратататын жаңалықтар сайты және орыс тілінде хабар таратушы – «Казахстанская правда» сайты; ал екінші БАҚ өкілдері – «Vlast.kz» сайтының қазақ және орыстілді порталы. Мәселенің тұтас бейнесін көру үшін референдумға дейінгі екі апта аралығындағы мақалалар мен жаңалықтар талданды. Себебі соңғы екі аптада салыстырмалы түрде БАҚ тарапынан ақпараттық таратылым көп болды. Барлығы n=12 жаңалық мақалалар сарапталды. Таңдалған әр БАҚ-тан үш мақаладан қарастырылды. Оның нәтижесі бойынша референдумға дейінгі екі апта ішінде мемлекеттік қаржыландырудағы БАҚ-тардың күн тәртібі АЭС құрылысына қатысты қолдау сипатында болды деген болжам расталды.