Әуекомпаниялар саласындағы жұмыс беруші брендингі: Ryanair мысалында

Авторлар

  • I Temirkhanova Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v52i1.309

Кілт сөздер:

Жұмыс беруші бренді, Кадр ағыны, Ұжымдық іс-әрекет, Мотивацияның төмен деңгейі, Марапаттау жүйесі

Аңдатпа

Егер компания өзінің нарықтық жағдайын жақсартуға,
дамуға және кірісті арттыру мақсаттарын көдеген болса, компания өзінің
жұмыс беруші брендін күшейтуі қажет. Позитивті және жүйеленген HR
брендінің көптеген артықшылықтары бар: кәсіби қызметкерлер
компанияның жалпы табысына бағытталған, кадр ағыны көрсеткішінің
төмен деңгейі, қызметкер мен ұжымның жоғары эффективтілігі,
мақсаттарға жетуге және жоғары білікті кадрларды таңдауға мүмкіндік,
күшті корпоративті мәдениеттің қалыптасуы және т.б. [5]. Бұл мақалада
автор Ryanair-де жұмыс беруші брендінің болашақта компания имиджіне
теріс әсер етуі мүмкін проблемаларын талдайды. Ryanair Еуропадағы ең
тиімді лоукост авиакомпания болып табылады [6], алайда компанияның
құрылымында адам басқару саласы бойынша көптеген проблемалар бар,
атаулы проблемалар болашақ жұмысшылар үшін де, әлеуетті
қызметкерлер үшін де тартымдылықты жоғалтуға әкелуі мүмкін. Автор
басқа зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, басқаруға
автократиялық тәсіл, кадрлардың ағыны, жұмысшылар арасындағы стресс
және мотивацияның болмауы сияқты проблемаларды зерттейді. Әр түрлі
ауыспалыларды талдай отырып, мәселелердің бір-бірімен тығыз
байланысты екендігі және менеджмент жүйесінің кейбір аспектілерін
өзгерте отырып, компания қазіргі және әлеуетті қызметкерлер үшін жұмыс
берушінің бренд имиджін жоғарылатуға мүмкіндігін автор осы мақалада
талдайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-11-17

Журналдың саны

Бөлім

Статьи