ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ (ЖОО) ЦИФРЛЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v53i2.506Кілт сөздер:
цифрлық трансформация, жоғары білім, ұйымдастыру модельдері мен принциптеріАңдатпа
Цифрлық трансформация 21 ғасырдың екінші
онжылдығында жоғары оқу орындары (ЖОО) үшін негізгі трендтердің
біріне айналды. Бұл жоғары ұйымдастырушылық көрсеткіштерге қол
жеткізгісі келетін және өз саласында салыстырмалы артықшылықтарға ие
болғысы келетін университеттер үшін қажетті процесс. "Цифрлық
Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім беру сапасын
арттыруға ел экономикасының негізгі салаларында цифрлық
технологияларды енгізу және дамыту есебінен қол жеткізіледі. Алайда,
бағдарламада университеттер үшін нақты шеңбер мен жол картасы жоқ.
Білім беруде үнемді өндіріс пен цифрландыруды қолдану бойынша
басқарушылық зерттеулер әлі де бастапқы сатыда, өйткені жаңа цифрлық
технологияларды ең жақсы қолдануды қандай модельдер мен қағидалар
қамтамасыз ететіні белгісіз. Мақала үнемді өндіріс пен
университеттердің цифрлық трансформациясы арасындағы байланысты
анықтауға арналған. Үнемді өндіріс негізінде цифрландырудың жаңа
практикалық құралдары мен әдістері әзірленетін болады.