ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГТІ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ СОТТАРДА ҚАРАЛАТЫН ІСТЕРДЕ БАНК КЛИЕНТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v56i3.619Кілт сөздер:
қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, интернет-банкинг, банк, дербес деректер, ақпараттық қауіпсіздік, әлеуметтік инженерияАңдатпа
Бұл мақала интернет-банкингті пайдаланумен
байланысты банк клиенттерінің құқықтарын сот арқылы қорғаудың өзекті
мәселелеріне арналған. Зардап шеккен клиенттердің талаптары бойынша
істерді сотта қарау нәтижелеріне назар аудара отырып, осы саладағы
қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша
мемлекет қабылдап жатқан шаралардың ағымдағы жай-күйі талданады.
Атап айтқанда, банктердің интернет-банкингтегі операциялардың
қауіпсіздігі үшін клиентке жауапкершілік жүктеу проблемасы және
банктің кінәсін дәлелдеудің қиындығы қаралды, соның нәтижесінде зардап
шеккен клиенттерді қорғауға ықпал етпейтін теріс сот практикасы
қалыптасуда. Мақалада интернет-банкинг клиенттерінің құқықтарын
қорғауды күшейту бойынша ұсыныстар берілген.