ОПЕРАЦИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРДІ ТҮСІНУРОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ПРОЦЕСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУАУДИТ СЕКТОРЫ

Авторлар

  • Диана Тоқтар Автор
  • Угур Кобан Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v61i4.798

Кілт сөздер:

Бизнес-процестерді автоматтандыру, роботты процестерді автоматтандыру, аудитті автоматтандыру, операциялық тиімділік, RPA қолдану шарттары

Аңдатпа

Роботты процестерді автоматтандыру (RPA) көптеген
салаларда ережелерге негізделген бизнес-процестерде қайталанатын
әрекеттерді орындайтын құрал ретінде кең таралды. Бүкіл әлемдегі
аудиторлық компаниялар әрдайым автоматтандыру арқылы процестердің
тиімділігін арттыру жолында, ал RPA да ерекшелік емес. Дегенмен,
тиынның әрқашан екі жағы бар және RPA-ны қолданудың
артықшылықтары да, шектеулері де бар. RPA қолдану кейбір жағдайларда
тиімсіз болуы мүмкін, сондықтан RPA қолдану кемшіліктерге қарағанда
қандай жағдайларда көп пайда әкелетінін түсіну керек. Осы зерттеудің
негізгі мақсаты- Қазақстандағы аудиторлық фирмаларында роботты
процестерді автоматтандыру жүйелерін енгізу жұмысының тиімділігіне
әсер ететін жағдайларды түсіну. Зерттеудің негізгі мақсаты RPA қолдану проблемалары мен мүмкіндіктерін түсіну болғандықтан, сапалы тәсіл
таңдалды. Деректер аудит саласындағы 5 маманмен жартылай
құрылымдалған сұхбат арқылы жиналды. Сұхбат барысында тақырыптық
талдау әдісімен сөйлесулерді ашқаннан кейін 47 ашық код алынды. Талдау
бөлімінде RPA тиімді енгізудің кейбір тенденциялары, мүмкіндіктері мен
кедергілері талқыланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-12

Журналдың саны

Бөлім

Статьи