ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ДАМУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІӨЗ ЕЛІНІҢ: МЕМЛЕКЕТТІК ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІҚАЗАҚСТАННЫҢ СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v61i4.893Кілт сөздер:
халықаралық білім, шетелде оқу, стипендиялық бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар, адами капиталды дамыту, реинтеграция, таланттарды басқару, ҚазақстанАңдатпа
Бұл зерттеу жұмысында халықаралық білім алуға
бағытталған қазақстандық екі білім алу стипендиялық бағдарламасы және
білім алып келген түлектерінің ұлттық дамуға қосып жатқан үлестері
талданады. Біздегі бар деректер «Болашақ» және Назарбаев
Университетінің стипендиялық бағдарламаларының жергілікті дарынды жастарды дамытуда маңызды роль атқаратынын дәлелдейді. Аталған
стипендиялық бағдарламалардың түлектері өз жұмыс орындарында
жүйелер мен тәжірибелерді жетілдіруге атсалысады, осылайша олар елдегі
жағымды әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің анағұрлым көбірек
келуіне ықпал етуде. Екінші жағынан алсақ, экономиканың кейбір
секторларындағы жұмыс табудың шектеулі мүмкіндіктері, төмен
жалақылар және жағымсыз бюрократиялық мәдениет түлектердің қоғам
игілігіне қосатын үлестерін шектеп жатыр. Біз түлектердің алған білімдері
мен дағдыларын жүзеге асыруға мүмкіндіктерінің болмауы экономикалық
даму қарқының төмендігімен және адами капиталдың дамуының едәуір
артта қалуымен байланысты деп есептейміз. Біздің жасаған
қорытындыларымыз стипендиялық бағдарламалардың пайдасын барынша
ұлғайту үшін экономиканы адами капиталдың дамуымен бірлестікте
дамытудың сыни маңыздылығын айшықтап көрсетеді.