АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Камила Тлеубекова Автор
  • Гайни Серим Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v64i4.1138

Кілт сөздер:

ақпарат, ақпараттық құқық, ақпараттандыру, байланыс, ақпараттық технология, құқық бұзушылық, әкімшілік құқықтық жауапкершілік

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қоғамды ақпараттандыру мен
байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілікқұқықтық жауапкершілік қолданудың теориялық негіздерін зерттеу
болып табылады.Ақпараттық технологиялар қазіргі таңда адам өмірінің
бір бөлігіне айналып кетті. Күнделікті өмірде әлемдегі барлық адамдар
ақпараттық технологиялардың көмегімен, ақпаратқа жедел қол жеткізу,
байланыс және ақпарат алмасу, білім алу, қашықтықтан медициналық
консультация алу және еңбек қызметін жүзеге асыру сияқты
мүмкіндіктерге ие болып отыр. Дегенмен қазіргі таңда ақпараттық
технологиялар мен байланыс саласын дамыту, аталған саладағы құқық
бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізу мен заңнаманың сақталуын
қамтамасыз етуде өзекті болып отыр. Қоғамдағы әкімшілік құқық
бұзушылықтардың артуы, адам және қоғам өміріне ақпараттандыру мен
байланыс тікелей әсерін тигізетін болғандықтан, аталған саладағы заңды
жауапкершілік шараларын тиімді құқықтық реттеуді қажет етеді. Жұмыс
барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу
жасалынып, “ақпараттық құқық” бойынша авторлық анықтамалар
ұсынылып, заңды жауапкершілікке тартудағы маңызды ұғым
“ақпараттық құқық бұзушылық құрамы” бойынша тұжырымдамалар
жасалынды. Зерттеудің мақсаты ақпараттандыру және байланыс
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік-құқықтық
жауапкершіліктің түсінігі мен ерекшелігіне талдау жүргізу және зерттеу
барысында кездесетін мәселелерді анықтау болып табылады. 

Жарияланды

2024-03-06

Журналдың саны

Бөлім

Статьи