Журнал саясаты

SDU Journal of Media Studies журналының редакциялық саясаты

Мақсаты және ауқымы

SDU Journal of Media Studies – мақалалары рецензияланатын, көп тілді (қазақ, ағылшын, орыс) және ашық қолжетімділігі бар ғылыми журнал. SDU Journal of Media Studies журналистика, медиа және коммуникация салалары бойынша бұрын басқа басылымдарда жарық көрмеген ғылыми мақалаларды қарастырады.

SDU Journal of Media Studies ғылыми журналының мақсаты – журналистика, медиа және коммуникация салалары бойынша теориялық және практикалық мәселелерді зерттеу арқылы ғылыми түсініктерді тереңдету және қазақстандық, шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелерін жариялап, академиялық орта қалыптастыру.

Журналдың ғылыми бағыттары:

  • Медиа: Қоғам. Тарих. Саясат бағыты
  • Журналистика бағыты

Мерзімділік

SDU Journal of Media Studies жылына төрт рет (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында) жарық көреді. Мақалалар анонимді түрде екі рецензенттің сараптамаларынан  (double-blind peer review) өтеді.

Еркін қолжетімділік саясаты

Журнал сайты Open Journal System платформасында әзірленген, университеттің серверінде орнатылған және келесі сілтемеде қолжетімді:https://jms.sdu.edu.kz/index.php/jms. Журналдың шығарылым архиві келесі сілтемеде қолжетімді:https://jms.sdu.edu.kz/index.php/jms/issue/archive.

Негізін қалаушы

«SDU University» коммерциялық емес Акционерлік қоғамы

Жарна ақысы

SDU Journal of Media Studies ғылыми журналында жариялау тегін. Журнал авторлардан қолжазбаларды ұсыну немесе жариялау үшін ақы төлеуді талап етпейді.

Еркін қолжетімділік саясаты

Журнал сайты Open Journal System платформасында әзірленген, университеттің серверінде орнатылған және келесі сілтемеде қолжетімді:https://jms.sdu.edu.kz/index.php/jms. Журналдың шығарылым архиві келесі сілтемеде қолжетімді:https://jms.sdu.edu.kz/index.php/jms/issue/archive.

Ақпаратты ашу және мүдделер қайшылығы
Авторлар өз зерттеулерінің нәтижелері мен сараптамасына ықпал етуі мүмкін кез келген қаржылық немесе басқа маңызды мүдделер қайшылығын өз қолжазбасында көрсетуге міндетті.
Сонымен бірге, олар жоба үшін барлық қаржылық қолдау көздері туралы ақпарат берулері қажет.

Түпнұсқалық және плагиат
SDU Journal of Media Studies ғылыми журналы академиялық адалдық пен этикалық талаптардың сақталуына үлкен мән береді. Авторлар өз жұмыстарының түпнұсқалығын қамтамасыз етіп, басқа адамдардың еңбектерін немесе сөздерін дұрыс сілтеме жасап көрсетуі керек. Плагиаттың барлық түрлеріне қатаң түрде тыйым салынады. Бұл басқа адамның жұмысын тиісті мойындаусыз көшіру немесе қайта баяндау, немесе басқалардың зерттеу нәтижелерін өзінікі ретінде көрсету сияқты әрекеттерді қамтиды. Түпнұсқалық пен адалдыққа деген міндеттемелерді қолдау үшін журнал Turnitin құралын қолданады. Барлық ұсынылған мақалалар Turnitin платформасы арқылы плагиатқа тексеріледі. Қолжазба түпнұсқалығы, кем дегенде, 80% болуы қатаң талап етіледі. Бұл процесс кездейсоқ немесе әдейі жасалған плагиатты анықтауға және болдырмауға бағытталған және тың, әрі сенімді зерттеулерді таратуға негізделген ғылыми ортаны қалыптастыруды мақсат етеді.

Қайталау, бірнеше немесе қатарлас жарияланым
Авторларға бір зерттеуді сипаттайтын мақалаларды саны бірден көп журналда немесе басқа жарияланымдарда басып шығаруға рұқсат етілмейді. Бір мақаланы әртүрлі журналдарға бір
уақытта ұсыну этикаға қайшы болып саналады.