ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Авторлар

  • Мұрат Хасанов Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v64i4.1169

Кілт сөздер:

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, блокчейн, ақылды келісімшарт, цифрлық майнинг, цифрлық майнингтік пул, цифрлық активтер

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының (ҚР) 
аймағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді құқықтық реттеудің 
мәселелері қарастырылды. Зерттеудің теориялық маңызы: қамтамасыз 
етілмеген цифрлық активтердің құқықтық реттеуіне қатысты ҚР-ның 
заңнамаларының пайдасын арттыру. Қазіргі сәтте белгілі ҚР-ның цифрлық 
активтерге қатысты құқықтық жинақтарға сүйене отырып, цифрлық 
активтерге қатысты негізгі анықтамалар, оның түрлері және де уәкілетті 
мемлекеттік органдардың құзіретімен танысу мақсатында жасалған 
анализдік талдаудың нәтижесінде, ҚР-ның  аумағындағы қамтамасыз 
етілмеген цифрлық активтердің құқықтық реттеуді дамытуға негізделген 
өзге көзқарасты қамтитын ұсыныстар алға тартылды. Зерттеудің 
тәжірибелік маңызы, ҚР-ның аумағындағы қамтамасыз етілмеген цифрлық 
активтерге қатысты істерді қарастыру барысындағы сот тәжірибесі мен 
құқықтық жинақтарды дамытуға негізделген. Аталған тақырыпқа қатысты 
зерттеу жұмысын жүргізу барысында, келесі әдіснамалар қолданылды: 
құқықтық анализ, салыстыру, систематизация.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-11

Журналдың саны

Бөлім

Статьи