ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v64i4.1135Кілт сөздер:
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, адам құқықтары, Интернетке қол жеткізу құқығы, халықаралық құқық, құқықтарды қорғауАңдатпа
Бүгінгі таңда Интернет желісіне қол жеткізу құқығын
тану қажеттілігі өте өзекті болып табылады, өйткені бұл мәселе Интернет
желісіне қол жеткізуді адамның тәуелсіз және ажырамас құқықтарына
жатқызудың маңыздылығын растайтын факторлардың жиынтығын
біріктіреді. Ондаған жылдар бойы ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар қоғамның қалыптасуына, әлемдік экономикаға және адам
қызметінің басқа салаларына әсер етті. Адамның Интернет желісіне қол
жеткізу құқығы өте өзекті болғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін оны
іске асыру бойынша нақты шаралар қабылданған жоқ, және бұл осы
зерттеудің мәселесі болып табылады. Ғылыми ортада пікірталастар
жүргізіліп жатқаны сөзсіз, халықаралық ұйымдар Интернет желісіне қол
жеткізу құқығын қорғау бойынша бірқатар ұсынымдар, жарғылар мен
нұсқаулықтар әзірледі және енгізді, алайда қолда бар көздер тек «soft law»
сипатына ие, мемлекеттерге халықаралық-құқықтық міндеттемелер
жүктемейді және Интернет желісіне қол жеткізу құқығын дербес және
ажырамас адам құқығы деп танымайды, бұл да осы зерттеудің мәселесі
болып танылады. Осы жұмыс шеңберінде жүзеге асырылатын зерттеу
адамның дербес және ажырамас құқығы ретінде Интернет желісіне
қолжетімділікті тануға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Автор бұл
құбылыстың жақтаушылары мен қарсыластарының пікірлерін жан-жақты
зерттеу осы құқықты адамның дербес және ажырамас құқығы ретінде тану
жолында тежеуші фактор болып табылатын нәрсені кеңірек түсінуге
мүмкіндік береді деп санайды. Зерттеу барысында оқиғалар, сот
практикасы, сондай-ақ осы мәселені зерттеумен айналысатын беделді
ғалымдардың пікірлері түріндегі дәлелдер келтірілген, олардың негізінде
автор адамның тәуелсіз және іргелі құқықтарына Интернет желісіне қол
жеткізу құқығын анықтау қажеттілігі туралы қорытындыға келеді.