ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП: АҚШ-ДАҒЫ СОТТЫҚ ПРАКТИКА

Авторлар

  • Абай Нажимов Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v55i2.389

Кілт сөздер:

халықаралық коммерциялық арбитраж, Нью-Йорк конвенциясы, АҚШ сот жүйесі, жария тәртіп

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты: Нью-Йорк конвенциясының
негізгі мақсаттарының бірі халықаралық сауда мен коммерцияға қызмет
ету және Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінде шығарылған арбитраждық
шешімнің одан басқа мемлекеттердегі орындалуын жеңілдету болды.
Алайда V (2) (b)-бап судьяға шешімнің орындалуына жол бермеуіне
мүмкіндік береді, егер оның орындалуы жария тәртіпке қайшы келсе. Бұл
мақалада халықаралық саудадағы маңызды юрисдикциялардың бірі болып
табылатын АҚШ-тағы осындай жағдайларды шешу тәжірибесі
қарастырылған. Осы мақаланың мақсаты - жария тәртіп ұғымын АҚШ-тың
федералды соттары қалай анықтайтынын және төрелік шешімдерін тану
мен орындау тұрғысынан қолданылатындығын қарастыру. Онда алдымен
халықаралық арбитраждың АҚШ-тың заң жүйесіндегі рөліне қысқаша
талдау, содан кейін американдық сот практикасына кең талдау беріледі.
Әдіснама: формальды логика, аксиологиялық әдістер, салыстырмалы
құқықтық әдіс. Зерттеу нәтижелері: американдық соттар шетелдік
арбитраждық шешімдердің орындалуын қолдайтын либералды федералды
саясатты ұстанады. Жария тәртіп өте тар мәнде түсіндіріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-07-26

Журналдың саны

Бөлім

Статьи