YOUTUBE ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢЕРЕКШЕЛІГІ: ТИМУР БАЛЫМБЕТОВ ПЕН ЮРИЙ ДУДЬАРНАЛАРЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v61i4.885Кілт сөздер:
YouTube, бейнехостинг, контент, формат, визуалды, диалог, хронометражАңдатпа
Мақалада YouTube платформасындағы сұхбат жанрының
орны және оған аудитория тарапынан жоғары сұранысқа назар аударылды.
Зерттеу аясында бейнехостингте жоғары қаралым жинап, кәсіби
сұхбаттарымен көрермен ықыласын аударған «вДудь» және «Timur
Balymbetov» арналарының өнімдеріне салыстырмалы талдау жасалып,
сондай-ақ ғалымдар пікірін сүйене отырып, YouTube сұхбатына тән
ерекшеліктер анықталды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің YouTube
платформасына кету себептері, өнімдерінің кәсіби деңгейі мен
шығармашылық ізденіс мәселесі де зерттеу жұмысының өзегіне айналды.
Сұхбат жанрының мазмұндық тұрғыдан түрленуіне визуалдық
элементтердің ықпалына да ғылыми тұрғыдан тұжырым жасалды.