АЙМАҚТЫҚ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІКАҚПАРАТТЫҚ ТАПСЫРЫСТЫҢ РӨЛІ МЕН ОНЫҢ КҮНТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v62i1.915Кілт сөздер:
аймақтық мерзімді басылым, мемлекеттік тапсырыс, күн тәртібіАңдатпа
Мақалада мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың
бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде аймақтық мерзімді
басылымдардың мазмұнына, ондағы күн тәртібінің құрылуына әсеріне
зерттеу жүргізілген. Жұмыста «күн тәртібі» ұғымы, аймақтық газеттердің
мазмұнына әсер ететін факторлар, мерзімді басылымдарда жиі
қайталанатын тақырыптардың сол аумақтың шынайы тыныс-тіршілігімен,
жергілікті аудиторияның қажеттіліктерімен сәйкес келмеуі сынды бірқатар
өзекті мәселелер қозғалады.
Зертттеудің мақсаты – жергілікті газеттердің мысалында қалыптасқан
жағдайды зерделей отырып, аймақтық мерзімді басылымдардың жұмысын
жандандырудың тиімді әдістерін ұсыну болып табылады. Осыған орай
Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің мазмұндық
ерекшеліктеріне, белгілі бір кезеңде жарияланған материалдарына
контент-анализ жасалып, талдау жасалды.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс қазақстандық медианың ажырамас бір
бөлшегі болғандықтан, оның аймақтағы мерзімді басылымдардың
мазмұнына, өзекті тақырыптарды қамтуына қаншалықты әсерін тигізетіні
түсіндіріледі.