Қазақ медиасында жасанды интеллект құралдары арқылы оқиғаны қайта жаңғырту

Авторлар

  • Данагүл Наухан SDU University Автор
  • Әлішер Алтай SDU University Автор
  • Асхат Еркімбай SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v59i.004

Кілт сөздер:

GenAI, жасанды интеллект, реконструкция, этика, қазақ медиасы

Аңдатпа

Бұл зерттеу онлайн қазақ медиасындағы аз талқыланатын тақырыптарды жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен аудиторияға тиімді жеткізу жолдарын қарастырады. Зерттеудің эмпирикалық негізі ретінде «Қаңтар құрсауында» медиа жобасы таңдалды. Қаңтаршылар туралы деректер ресми баяндамалар мен ашық дереккөздер негізінде жинақталды. Материалдардың шынайылығы мәтін, аудио, фото және видео форматтарында фактчекинг әдістері арқылы тексерілді. Медиа жоба аясында жинақталған деректер негізінде аудиовизуалды реконструкция жасалып, әр бейнематериалда бір кейіпкердің оқиғасы баяндалған. Сонымен қатар, деректерге негізделген медиа жоба ұсыну үшін журналистикадағы ЖИ технологияларына және оның батыс медиаларында қолдану мысалдарына, оған қатысты зерттеушілердің еңбегі мен қарама-қайшы пікірлеріне шолу жасалады. Зерттеу барысында кездескен қиындықтар мен кемшіліктер ашық көрсетіліп, алдағы зерттеулерде ескеру қажет кеңестер беріледі. Мақала соңында авторлар қазақ журналистикасында генератив жасанды интеллектіні сезімтал тақырыптарды баяндауда қолданудың әлеуеті мен тәуекелдерін бағалап, ұқсас жобаларды жетілдіруге арналған практикалық ұсыныстар айтады.

 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи