Орталық Азия призмасындағы Палестина: Қазақстан мен Қырғызстан тәуелсіз медиасының Газа секторындағы соғыс туралы нарративтері (2023–2026)

Авторлар

  • Бекжан Турдыбек KIMEP University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/8s5ffx83

Кілт сөздер:

медиа фрейминг; қақтығыс нарративтері; Газа секторындағы соғыс; сыртқы саясат коммуникациясы; Қазақстан; Қырғызстан.

Аңдатпа

2023 жылғы қазанда Израиль мен Палестина арасындағы соғыстың шиеленісуі гуманитарлық және стратегиялық деңгейде ұзақ мерзімді пікірталас тудырып, Орталық Азияға да әсер етті. Бұл мақала 2023 жылғы қазаннан 2026 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Қазақстан мен Қырғызстандағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының Газа соғысына қатысты өз елдерінің үкімет ұстанымын қалай жариялап, қалай бағалайтынын талдайды. Үкіметтің ұстанымы өзгермейтін дипломатиялық мәлімдеме ретінде емес, фрейминг арқылы медиада құрылатын (медиаланатын) объект ретінде қарастырылады. Зерттеу Қазақстандағы үш медиа дереккөздің (Ulysmedia, Orda, Radio Azattyq) және Қырғызстандағы үш дереккөздің (Radio Azattyk, 24.kg, AKIpress) мәтіндерін сапалық салыстырмалы талдау негізінде жүргізілді; материалдар кілтсөздер арқылы ізделіп, ресми позицияға мазмұнды түрде қатысты жарияланымдар іріктелді. Мәтіндер валенттілік бойынша (үкімет ұстанымын позитивті/бейтарап/негативті көрсету) және басым нарративтік тәсілдер бойынша кодталды: құқықтық рамка және БҰҰ нормалары, гуманитарлық қорғаныс, қауіпсіздік дискурсы, және процедуралық легитимдік. Нәтижелер ресми дипломатиялық мазмұнның ұқсастығын көрсетеді: екі елдің де ұстанымы атысты тоқтату шақырулары, бейбіт тұрғындарды қорғау, халықаралық құқық және «екі мемлекет» формуласы арқылы баяндалады. Айырмашылықтар негізгі екпіндерде байқалады. Қазақстан бойынша материалдар көбіне ұстанымды басқарушылық тиімділік пен дипломатиялық белсенділік нарративтері арқылы легитимдейді, ал Radio Azattyq стратегиялық міндеттемелерге қатысты процедура, институттық легитимдік мәселелерін жиірек көтереді. Қырғызстан медиасы көбіне ынтымақтастық пен гуманитарлық жұмылдыруды алға шығарады, ал Azattyk моральдық-құқықтық лексиканы және жауапкершілікке қатысты сигналдарды айқынырақ көрсетеді. Жалпы, зерттеу соғыстың Орталық Азия дискурсында қалай «доместицияландырылатынының» және медиа наррациясының сыртқы саясат коммуникациясының легитимдігі қалай қабылданатынына ықпалын ашады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи