ЦИФРЛЫҚ ТОКЕНДЕРДІ САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕГІТӘУЕККЕЛДЕР
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdubss.v64i4.1073Кілт сөздер:
цифрлық токен, токендер-акциялар, Биткойн, блокчейн, ақылды келісімшартАңдатпа
Бұл мақалада цифрлық токеннің анықтамасы, түрлері,
пайда болу және даму тарихымен қатар, оның тұжырымдамаларына
қатысты зерттеулер қамтылған. Осыған байланысты, цифрлық
токендердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, сауда
операциялары мен цифрлық токендарды қолданушылардың ақшалай
қаражаттарын қорғау жолдарын анықтау. Зерттеудің теориялық
маңыздылығы, цифрлық токендарға қатысты ықтимал
құқықбұзушылықтарды көрсету. Зерттеудің тәжірибелік маңызы,
цифрлық токендардың қоғамдағы социалды-экономикалық саладағы
қолданысының нақтыланбауына қатысты. Осы мақсаттарға байланысты,
әртүрлі ғылыми көзқарастардан цифрлық токендердің теориясы мен
практикалық қолданылуын зерделеу бойынша зерттеулер жүргізілді,
көбінесе экономикалық және ақпараттық технологиялар ортасындағы
қолданылуы қарастырылды. Сонымен қатар, цифрлық токендардың
электрондық төлем қаражаты ретіндегі қолдану мүмкіндігін анықтау.
Зерттеу әдістері: салыстырмалы, тарихи, систематизация.