Қазақстан ақпарат құралдары атом электр станциясын салу бойынша референдум науқанын қалай көрсетті: салыстырмалы зерттеу

Авторлар

  • Дария Зулфухарқызы Factcheck.kz Автор
  • Елнұр Алимова SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdubss.v57i.002

Кілт сөздер:

Қазақстан, атом электр станциясы, БАҚ-тағы фрейминг, журналистік этика, референдум, күн тәртібін қалыптастыру

Аңдатпа

2024 жылдың қазан айында атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдум нәтижесінде Қазақстан АЭС салынатынын мәлімдеді. Бұл шешімді президент Қасым-Жомарт Тоқаев «елдің болашағы үшін жасалған таңдау» деп бағалады. Бірақ бұл мәселенің талқысы тек энергетика саясатымен шектелмейді, ол тақырыпты зерттеу бұқаралық ақпарат құралдары қоғам пікірін қалыптастыруға қалай талпынғанын, қандай фреймиңдер таратқанын талдауға мүмкіндік береді. Осы зерттеу референдум алдындағы үгіт науқаны кезінде Қазақстан ақпарат құралдары АЭС салу мәселесін қалай көрсеткенін талдайды және қоғамдық дискурста басым болған фреймдерді анықтауды мақсат етеді. Мақала мемлекеттік және тәуелсіз басылымдардағы материалдарды салыстыра отырып, АЭС салуға қатысты биліктің позициясын қолдайтын немесе сынайтын нарративтердің қайсысы басым болғанын болғанын қарастырады. Сонымен қатар, бұл зерттеу ақпарат құралдары АЭС салу кампаниясы кезінде материалдарды қаншалықты халықаралық журналистік стандарттарға сай бере алғанын талдайды. Зерттеу нәтижесі ақпарат құралдарындағы бұл тақырыптың репрезентациялануын түсінуге мүмкіндік береді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи